Жаңалықтар
«Лудомания – ХХІ ғасырдың әлеуметтік дерті»: университетте жастар арасындағы ойынқұмарлықтың алдын алу мәселесі талқыланды
- Қаралды: 28
М. Әуезов атындағы ОҚУ-да «Аналар кеңесінің» ұйымдастыруымен «Лудомания – ХХІ ғасырдың әлеуметтік дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында ойынқұмарлық пен түрлі тәуелділіктердің алдын алу, тәрбиелік диалог арқылы жауапкершілік құндылығын қалыптастыруда аналардың рөлін арттыру, сондай-ақ студенттерді саналы таңдау жасауға және салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.
Жиынды университеттің «Аналар кеңесінің» төрайымы Гүлнар Жанысбекова ашып, жастардың ел болашағы екенін атап өтіп, қоғамда белең алып отырған бұл дертпен күресуде бірлескен әрекеттің маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстелге университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Шымкент қаласының белсенді өкілдері қатысты. Олардың қатарында Шымкент қалалық «Аналар кеңесінің» төрайымы, профессор Гүлжан Сүгірбаева, А. Исмаилов атындағы кәсіптік колледж басшылығы және өзге де сала мамандары бар.
Шара барысында саясаттанушы ғалымдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама жасап, лудоманияның қоғамға тигізетін кері әсері мен оның алдын алу жолдарын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, тәжірибелі психологтар студенттермен арнайы тренингтер өткізіп, тәуелділіктің психологиялық себептері мен одан арылу жолдарын түсіндірді.
Іс-шара аясында университет студенттері мен «Ассамблея жастары» мүшелері «Жеңіл ақша – ауыр тағдыр», «Лудомания и молодежь», «Тәуелді адам» тақырыптарында сахналық көріністер ұсынып, көрермендерге терең ой салды.
Жиын соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар жастар тәрбиесі мен қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасып, ойынқұмарлыққа тәуелділіктің алдын алу және оңалту бағытында нақты ұсыныстарын білдірді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз