Әуезов университетінің оқытушысы халықаралық форумда шеберлік сабақ өткізді

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы, режиссер Жунисалиева Алтынай Батырханқызы Мәскеу қаласында өткен V Халықаралық ғылыми-практикалық форумға қатысып (2026 жыл. 24–25 наурыз), кәсіби шеберлігін халықаралық деңгейде танытты.
«Қуыршақ театры және арнайы білім беру. Қуыршақ театры тілінің заманауи үлгілері: инновациялар мен канондық білім беру формалары» тақырыбындағы форумға әлемнің 22 мемлекетінің өнер және мәдениет саласы өкілдері жиналды. Іс-шара С.В. Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театрының (Мәскеу) және Ресей мемлекеттік сахналық өнер институтының қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум барысында университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, п.ғ.д, академик Садыбек Бейсенбаев онлайн форматта сөз сөйлеп, жиында көтерілетін тақырыптардың маңыздылығына тоқталды
Форум аясында Алтынай Батырханқызы «Кукольный театр в Казахстане на современном этапе и его проблемы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, сондай-ақ «Театр кукол: синтез традиции и инновации» атты шеберлік сабағын өткізді. Оның кәсіби тәжірибесі мен әдістемелік жұмыстары қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Халықаралық форумға белсенді қатысқаны және ғылыми-шығармашылық үлесі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-не арнайы диплом табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос