Жаңалықтар
«Жасанды интеллектінің көптілділікті дамытудағы үлесі»: Әуезов университетінде қос мерейтой аясында халықаралық форум өтті
- Қаралды: 97
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Тілдерді дамыту бөлімінің 20 жылдығы мен белгілі тілші-аудармашы, Шымкент қаласының құрметті азаматы Людмила Николаевна Белоусованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жасанды интеллектінің көптілділікті дамытудағы үлесі» атты халықаралық форум өтті.
Ауқымды ғылыми-тәжірибелік жиын тіл білімін дамыту, аударма ісін жетілдіру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін көптілді ортада тиімді пайдалану мәселелерін талқылауға арналды. Форумға еліміздің және шет елдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, тіл мамандары, студенттер мен қала зиялылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Форум барысында университеттің Тілдерді дамыту бөлімінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан Людмила Николаевна Белоусованың еңбегі ерекше аталып өтті. Ол ұзақ жылдар бойы университеттің Лингвистикалық орталығын басқарып, тіл білімінің дамуына және жас мамандарды даярлауға елеулі үлес қосты. Оның бастамасымен орталықта оқытушылар, студенттер мен университет қызметкерлері үшін ағылшын, неміс, француз, корей және басқа да шет тілдерін тегін меңгеруге мүмкіндік жасалды. Бұл бастама оқу ордасында көптілді ортаның қалыптасуына және халықаралық байланыстардың нығаюына айтарлықтай ықпал етті.
2011 жылдан бастап Людмила Николаевна синхронды аударма саласының білікті маманы ретінде көптеген халықаралық деңгейдегі маңызды ғылыми конференциялар мен ресми кездесулерде аудармашылық қызмет атқарып, өз тәжірибесін әріптестері мен шәкірттерімен бөлісті. Қазіргі таңда зейнет демалысында болғанымен, ол білім саласындағы әріптестерімен тығыз байланысын сақтап, шәкірттерінің жетістіктерін әрдайым қуанышпен бақылап келеді.
Форум барысында Тілдерді дамыту бөлімінің 20 жылдық тарихы мен жетістіктерін таныстыратын арнайы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ бөлім жетекшісі Ақтолқын Жамантаева бөлімнің қалыптасу кезеңдері, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы мазмұнды баяндама жасап, бөлімнің университет өміріндегі маңызына тоқталды.
Іс-шараға мерейтой иесінің қызы Ольга Анатольевна арнайы қатысып, анасының еңбегі мен өмір жолына тоқталып, форум ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
Құттықтау сөз сөйлеген университеттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Гүлнара Карбозова қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізіп, Басқарма төрағасы-ректор Дархан Жұмақанұлының құттықтауын оқып берді. Ол өз сөзінде университетте көптілді білім беруді дамыту мен халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Форум аясында ғалымдар тіл білімі, медиасауаттылық және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде пайдалану мәселелеріне арналған бірқатар мазмұнды баяндамаларын оқыды.
Атап айтқанда:
• Болатбек Мақұлбекұлы Тілеубердиев – «Қазақ қоғамындағы қазақ тілі мәдениетінің қазіргі мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі қоғамдағы тіл мәдениетінің өзекті мәселелеріне тоқталды.
• Майгүл Төлегенқызы Шәкенова – «Медиаграмотность и применение ИИ: структура и содержание онлайн-курса» тақырыбында жасанды интеллект пен медиасауаттылықты білім беру жүйесінде қолдану тәжірибесімен бөлісті.
• Гүлнара Күмісбекқызы Карбозова – «Development of intercultural communication through artificial intelligence» тақырыбында жасанды интеллект арқылы мәдениаралық коммуникацияны дамыту мүмкіндіктерін талдады.
• Жұмагүл Аманжолқызы Абдуллина – «Жасанды интеллект дәуірінде француз тілін оқыту: тәжірибе, мүмкіндіктер және болашақ» атты баяндамасында шет тілдерін оқытудағы жаңа технологиялардың тиімділігін атап өтті.
Форумның екінші бөлімі университеттің бас ғимаратындағы оқу залында жалғасын тапты. Мұнда ағылшын тілі оқытушылары арнайы шеберлік сағаттарын өткізіп, қатысушыларға жасанды интеллект құралдарын тіл үйрету үдерісінде қолданудың заманауи тәсілдерін таныстырды. Шеберлік сабақтарына 60-тан астам тыңдаушы мен форум қонақтары белсенді қатысып, тәжірибелік тапсырмалар орындады.
Іс-шара соңында форумға қатысушыларға университет атынан арнайы сертификаттар табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз