Шымкентте «Study in Kazakhstan» көрмесі басталды

Биыл Қазақстанда 232 мыңнан астам талапкер мектеп бітіреді. Бұл туралы бүгін үшінші мегаполис Шымкентте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өтіп жатқан «Study in Kazakhstan» білім көрмесінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев мәлімдеді. Қазақстандық жастарға сапалы білім алу мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған көрмеге әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдары мен еліміздегі университеттер қатысуда. Шарада жалпы 60-қа жуық жоғары оқу орны өз білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін таныстыруда. Руслан Емалбевтың айтуынша, ауқымды білім жобасы биыл Қазақстанның 17 аймағын қамтып отыр. Көрме Маңғыстау облысы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен, Алматы, Тараз қалаларында өткен.
–Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстанда шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі 40-тан астам стратегиялық серіктестік орнатып, қосдипломдық білім беру бағдарламалары іске қосылды. Соның нақты нәтижелерінің бірі – Әуезов университеті базасында АҚШ-тың жетекші инновациялық жоғары оқу орындарының бірі Arizona State University-мен бірлескен Honors College ашылатындығы. Білім көрмесі Шымкент қаласында екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Көрме мектеп бітіруге жақын тұрған талапкерлерге еліміздегі университеттер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт алады, – деді Р.Емелбаев.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Имангалиев университеттің соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, талапкерердің мамандықты дұрыс таңдап, саналы шешім қабылдауларына тілектестік білдірді.
Ал ҰБТ эксперті, химия пәнінен ҰБТ-ға дайындық кітаптарының авторы әрі Dostyq Online білім беру платформасының негізін қалаушы Фархат Сұлтабаев талапкерлермен «Оқушылардың 95%-ын грантқа түсіретін 3 құпиясымен» бөліссе, ал педагог-профориентологтар Қарлығаш Берекеқызы мен Омарбек Көшкінбайұлы ҰБТ-ға тиімді дайындалу, дұрыс стратегия құру, грантқа түсу мүмкіндігін арттыру және болашақ мамандықты дұрыс таңдау жөнінде өз кеңестерін ұсынды.
Түлектер шет елдік әрбір ЖОО филиалдарының білім берудегі ерекшелігі, қос диплом жүйесі секілді өздеріне қажетті мәліметтермен жіті танысуда. Көрме бүгін кешкі сағат 17.00-ге дейін жалғасады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос