Жаңалықтар
«ЭПОСFEST»: Әуезов жастары бабалардан жеткен жыр қазынасын жаңғыртты
- Қаралды: 32
Университетте «Ғылым айы» және «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «ЭПОСFEST» фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – қазақ эпостық мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеп, оның тарихи-әлеуметтік маңызын жаңғырту, ұлттық эпос, салт-дәстүр мен рухани құндылықтар арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін арттыру, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, оны заманауи форматта, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерімен ұштастыру. Байқауға университеттің әртүрлі факультеттерінен 11 команда қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады:
– «Ұлы дала үні» (өнер көрсету),
– «Эпос – ұлт жадында» (бейнеролик),
– QUIZ сайысы.
Іс-шараның ашылуында «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы, университеттің «Аналар» кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ә. Жанысбекова сөз сөйлеп, фестивальдің маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде ата-бабадан жеткен асыл сөз өнерін жас ұрпақ санасына сіңіру, батырлар жыры мен дастандар арқылы елдік пен бірлікті дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Әділқазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, Шымкент қалалық опера және балет театрының жетекші солисі – Ү.Сейлбекова, ҚР Мәдениет қайраткері, қалалық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы – А.Исаева, университетіміздің доценті, PhD докторы – Х.Таджиев болды. Фестиваль қорытындысы бойынша:
І орын – «Тұмар»
ІІ орын – «Сал сері мен қос сұлу», «Серпер»
ІІІ орын – «Рухты арулар», «Тұғыр», «Көк бөрі Рухы» командаларына бұйырды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Күміс көмей, жез таңдай», «Заманауи жыршы», «Цифрлық эпос» сынды түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз