«Уикипедия ашық энциклопедиясында жұмыс жасау» оқу-семинары өткізілді

«Сәуір - Ғылым айы» айлығының аясында 8 сәуір күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Жарияланымдық белсенділік департаменті «Уикипедия ашық энциклопедиясында жұмыс жасау» атты оқу-семинарын өткізді. Семинар екі бөлімнен тұрды:
1. Тіркелу және тіркелу деректерімен жұмыс жұргізу;
2. Контент өңдеу. Мақалаларға түзетулер енгізу.
Семинар қатысушылары – университет профессорлық-оқытушы құрамы – шара барысында көптеген дағдыларды меңгеріп, біршама сұрақтарға жауап алды. Семинарды ұйымдастыруда аталмыш энциклопедияның белсенді қолданушысы – Музаффар Тургунов көп үлесін қосты.
Kazakh Wikipedia — қазақ тіліндегі бөлім, 2002 жылы іске қосылған. Соңғы жылдары оның дамуы айтарлықтай жеделдеді (әсіресе 2010-2013 жылдары мемлекеттік және еріктілер қолдауымен). Мақалалар саны екі жүз елу мыңға жақындады. Түркі тілдері арасындағы ірі бөлімдердің бірі саналады.
Дегенмен әлі де атқарылар жұмыстар көп. Сондықтан, ашық онлайн Уикипедияның қазақтілді контентін сапалы мақалалармен толықтыруға арналған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отыру ұйымдастырушылар да, қатысушыларды ұсынып, қолдады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос