Жаңалықтар
Әуезов университетінде Серікжан Сейітжанов атындағы мәжіліс жалының ашылу салтанаты өтті
- Қаралды: 27
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, университеттің Құрметті профессоры Сейітжанов Серікжан Сейітжанұлының аты берілген жаңа мәжіліс залдың ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты іс-шараға құрметті қонақтар – мемлекет және қоғам қайраткері, т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы; ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Есімов Беген Омарұлы; т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүлейменов Жүсіп Тәшірбайұлы; т.ғ.д., профессор, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Сейітжанов Керімжан Сейітжанұлы және университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Иманғалиев Ернар Иманғалиұлы қатысты.
Сонымен қатар, елімізге белгілі ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Серікжан Сейітжанұлының отбасы мен туған-туыстары да шараның қадірлі қонақтары болды.
Іс-шараға жиналған қауым алдымен академик Сұлтан Сүлейменовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан кейін жаңа мәжіліс залдың лентасы қиылып, қатысушылар Серікжан Сейітжанұлының білім, ғылым және өндіріс салаларындағы жетістіктері туралы деректі фильмді тамашалады.
Алғаш сөз алған академик Бақытжан Жұмағұлов жиналған қауымды ғылым айымен және үлкен дәрісхананың ашылуымен құттықтап, отандық ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосып жүрген Серікжан Сейітжановтың еңбегін ерекше атап өтті.
Кеш барысында қонақтар профессор С. Сейітжановтың студенттік жылдардағы естеліктері, ғылымдағы ізденістерін, олардың өндірісте қолданылуын, сондай-ақ оның адами қасиеттерін және ел игілігі жолындағы еңбектерін ерекше ықыласпен атап өтті.
Сөз кезегінде Құрметті профессор Серікжан Сейітжанұлы өз ұстазы Сұлтан Сүлейменовті еске алып, алғысын білдірді.
– «1969 жылы осы университетке абитуриент болып келдім. Содан бері міне, 60 жыл уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде білікті ұстаздардан тәлім алып, білім, ғылым және өндіріс саласында еңбек ету бақыты бұйырды. Бүгін сол еңбектің нәтижесін көріп отырғаныма қуаныштымын. Баршаңызға алғысымды білдіремін», – деді ол.
Мәжіліс залының ашылуы – университет тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Бұл аудитория болашақта ғылыми конференциялар, халықаралық кездесулер, дәрістер мен маңызды академиялық іс-шаралар өтетін заманауи білім мен ғылым алаңына айналады. Сонымен қатар, ол жас ғалымдар мен студенттерді ғылымға баулып, ел дамуына үлес қосатын жаңа идеялар мен бастамалардың ордасы болмақ.
Ең бастысы, конферен-зал университет түлегі әрі көрнекті ғалым Серікжан Сейітжанұлының ғылым мен білімге қосқан зор үлесін кейінгі буынға үлгі етіп, оның есімін ұлықтайтын тағылымды орталық ретінде қызмет етеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз