Жаңалықтар
ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕКТЕ
- Қаралды: 34
Бүгін Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы ОҚУ базасында ғылым мен жоғары білімнің даму перспективаларына арналған маңызды кездесу өтті. Айтулы шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Заки және Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары мен елімізге белгілі ғалымдар қатысты.
Кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Шымкент қаласындағы ғылым мен жоғары білім беру жүйесінің даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде: «Бүгін ғылымды, білім беруді және өңірлік басқаруды интеграциялауға жүйелі көзқарастың үлгісін көрсететін Шымкент қаласында сіздерді қарсы алуға қуаныштымын. Біздің бүгінгі кездесуіміз осы стратегиялық маңызды өңірде жоғары білім мен ғылым жүйесін дамыту перспективаларын талқылауға арналған. Шымкент қуатты білім беру әлеуетіне ие. Қалада 9 жоғары оқу орны жұмыс істейді (барлық жоғары оқу орындарының 7,4%). Студенттер контингенті 98,5 мыңға жуық (жалпы контингенттен 13,6%), профессор-оқытушылық құрам 4,4 мыңнан астам адамды (барлық ПОҚ-дан 9,6%) құрайды. Қалада 9 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 98,5 мыңға жуық студенттер оқиды. Соңғы жылдары тұрақты және оң динамика байқалады. 3 жыл ішінде ЖОО білім алушылар контингентінің өсуі 15,5% құрады. Қалада 3 640 шетелдік студент оқиды, бұл білім беру қызметтері экспортының дамуын көрсетеді», деп атап өтті.
Сонымен қатар М.Әуезов атындағы ОҚУ басшысы Дархан Жұмақанұлы «AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions» тақырыбында баяндама жасап, университеттің цифрлық трансформациядағы алға қойған нақты жобаларын ұсынды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз