Жаңалықтар
Auezov University және КАТКО: Білім мен өндіріс интеграциясының жаңа белесі
- Қаралды: 42
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің халықаралық аренадағы беделін арттырып, серіктестік көкжиегін кеңейту жолында тағы бір маңызды қадам жасалды.
Оқу орнының ғылыми-инновациялық әлеуеті мен білім беру саласындағы кең мүмкіндіктерімен жақынырақ танысу мақсатында еліміздегі уран өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі — қазақстандық-француздық «КАТКО» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС өкілдері арнайы қызметтік сапармен келді.
Кездесу барысында университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев пен әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев қонақтарға оқу үдерісінің ұйымдастырылуы туралы жан-жақты ақпарат берді. Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, студенттердің өндірістік тәжірибеден өту сапасы, түлектерді жұмыспен қамту мәселелері, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
Өз кезегінде KATКO компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директоры (Франция) Айнагүл Исмагулова университеттің үштілді білім беру саясатына, заманауи зертханалық базасына және салалық мамандар даярлаудағы жүйелі жұмысына жоғары қызығушылық танытты. Білім мен өндірістің ұштасуы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдаудағы негізгі басымдық екенін атап өтті.
Кездесу аясында университет студенттерінің KATКO компаниясында өндірістік тәжірибеден өтуі мен кейіннен жұмыспен қамтылуына бағытталған өзара ықпалдастықты дамыту мәселелері де талқыланды. Бұл бастама жас мамандардың кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.
Айта кетейік, KATКO компаниясы 2025-2026 оқу жылында ақылы негізде білім алып жатқан әлеуметтік осал топтағы 20-дан астам студенттің оқу ақысын қаржыландыруға қолдау көрсеткен болатын.
Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта өзара тиімді серіктестікті дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз