Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Директорлар кеңесінің мүшелері бас қосты
- Қаралды: 16
Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ-да Директорлар кеңесінің мүшелері бас қосып, бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты.
Алдымен Директорлар кеңесінің төрағасы, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхамбетқали Мырзабайұлы Бүркітбаев профессор-оқытушылар құрамына «ENAEE and the EUR-ACE® Labels: A European Policy Instrument for Quality and Mobility in Engineering Education» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
Іс-шара барысында Директорлар кеңесінің мүшелері «AI Auezov» зертханасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Аталған зертхана студенттерге жасанды интеллект негіздерін, соның ішінде машиналық оқыту мен нейрондық желілерді тәжірибелік тұрғыда меңгеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар университеттің Басқарма мүшесі – ректор Дархан Ахмед Заки Директорлар кеңесі мүшелерін оқу орнының ғылыми-зерттеу әлеуеті және материалдық-техникалық базасымен таныстырып, алдағы жоспарлар мен жобалар жөнінде баяндады.
Кездесу аясында Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, университеттің даму бағыттары талқыланды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз