Жаңалықтар
Әуезов ғалымының монографиясы «Global Scicall: Жаңа білім қоры» ІІІ Ұлттық байқауында үздік ден танылды
- Қаралды: 24
Ұлттық рух ұлықталған, дәстүр мен тағылым тоғысқан Ұлттық киім күні – ата-бабамыздан жеткен асыл мұрамызды жаңғыртып, оның терең мәнін бүгінгі ұрпаққа паш ететін ерекше мереке. Осындай тағылымды күні Сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді!
«Заң» факультеті «Философия» кафедрасының ф.ғ.к., доцент, мәдениеттанушы Жиенбекова Айнұр Абдрахмановнаның еңбегі «Global SciCall: жаңа білім қоры» III ұлттық байқауында үздік деп танылып, «Үздік ғылыми басылым (монография)» номинациясы бойынша марапатталды. Монография «Қазақ костюмі философиялық феномен: мәдени жадыдағы өткен мен бүгінгінің өзара әрекеттесуі» деп аталады.
Байқауға Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ТжКБ-ның 300-ге жуық оқытушысы қатысты, олардың жұмыстарын 30-ға жуық сарапшы бағалады. Арасынан алты номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
Атап өтейік, бұл конкурсты EDP HUB баспасы авторларды қолдау, жариялау белсенділігін арттыру, басылымдарды ілгерілету және ҚР білім беру процесін қамтамасыз ету үшін оқу материалдарының қорын құру мақсатында өткізеді.
Ұлттық салт-дәстүрімізді терең зерттеп, оның құндылықтарын бүгінгі қоғаммен сабақтастырып, рухани мұрамызды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып жүрген Айнұр Жиенбекованы Әуезов университеті ұжымының атынан зор құрметпен және шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз