Жаңалықтар
«Бөрте милка» кәсіпорны «Сүт және Сүт өнімдерінің технологиясы» мамандығын таңдаған талапкерлерге білім грантын ұсынады
- Қаралды: 17
Биылғы талапкерлер үшін қуанышты жаңалық! Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі – «Бөрте Милка» Әуезов университетінің білім алушыларын қолдау мақсатында білім гранттарын ұсынуда.
Бұл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «Бөрте Милка» ЖШС арасындағы табысты ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асырылуда. Бұл серіктестік білім беру сапасын арттыруға, өндіріс пен ғылым арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ заманауи еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлауға бағытталған.
Аталған келісім аясында «Бөрте Милка» ЖШС мен университет бірқатар маңызды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу және өндіріс саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
«Бөрте Милка» ЖШС кәсіпорнының басшысы Бөкейхан Әбішовтің айтуынша, бұл серіктестік студенттердің кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік береді. Ынтымақтастық аясында студенттер кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтіп, сүт және сүт өнімдерін өндірудің заманауи технологияларымен танысады. Сонымен қатар оқу бағдарламасын өндіріс талаптарына бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап өтейік, оқу орнын сәтті аяқтаған түлектерді кәсіпорын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз