Жаңалықтар
Бұрынғы түлек – қазіргі тірек
- Қаралды: 39
Академиялық қоғамдастық пен жұмыс берушілер арасында оқу орнының имиджін көтеру мақсатында «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» кафедрасының оқытушысы, магистр Досанова Гульжанай Шериповнаның ұйымдастыруымен еліміздің әр саласында жауапты қызмет атқарып жүрген білікті түлектермен сұхбаттасу іс-шарасы өтті. Кездесуге келген түлектер:
Дуйсенов Нурзак Жезтайұлы – Орталық Азия инновациялық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, т.ғ.к., доцент;
Мукушев Самат Сайфуллаевич – Шымкент қалалық көпсалалы Онкологиялық аурухананың IT бөлімінің басшысы;
Утжанов Еркебулан Сейлович – «KEGOC» АҚ филиалының Оңтүстік өңірлік орталығы Ақпараттық технологиялар тобының жетекші-инженері;
Сапарәлі Нұрай Қанатқызы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ байланыс басқармасының инженері.
Сұхбат барысында түлектеріміз университет бітіргеннен кейінгі қол жеткізген жетістіктері туралы сыр шертіп, болашақ мамандарға кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ақпараттандыру мен цифрландыру заманында сұранысқа ие маман болу үшін ағылшын тілін жетік меңгеру қажеттігіне ерекше тоқталып, студенттерге өз білімдерін ұштау бағытында құнды кеңестерімен бөлісті. Бұл кездесу білім алушылардың заманауи кәсіби дамуына жол көрсетіп, олардың болашаққа деген сенімін нығайта түскен тағылымды әрі мотивациялық іс-шара болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз