Жаңалықтар
«Сталкинг жəне жеке шекара: өзіңді қалай қорғау керек?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
- Қаралды: 22
2025 жылдың 16 ақпанында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі С.Т. Ахметова басшылығымен, аға тәлімгер М.У. Бегайдаров және топ тәлімгері А.А. Отарбаева ұйымдастыруымен «Сталкинг жəне жеке шекара: өзіңді қалай қорғау керек?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жастар арасындағы қудалау (сталкинг) мəселесін ашу жəне жеке кеңістікті қорғауды үйрету.
Іс-шараға Жоғары мектеп деканының Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселесі орынбасары С.Д.Нұрмағамбет, кафедра оқытушылары және 1-курс студент қыздары қатысты.
Ашық пікір алмасу форматында өткен жиын әрбір қызға өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Әсіресе, жеке қауіпсіздік, шекара қою, құқықтық сауаттылық және қолдау сұраудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Іс-шара барысында студент қыздарға сталкинг және оның түрлерін нақтылап түсіндіріп, «Студенттерге психологиялық қолдау орталығы» мамандары Ж.Н Кубенова, М.Е. Пернебек өз кеңестерін берді.



