Жаңалықтар
Ғылыми кеңестің отырысында маңызды стратегиялық мәселелер қаралды
- Қаралды: 29
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысының күн тәртібінде университет қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Жиын алдында М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы- ректор Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки оқу ордасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген мерейтой иелерін құттықтап, ғылыми атақтары мен дәрежелерін иеленген ғалымдарға аттестаттары мен дипломдарын, сонымен қатар халықаралық спорттық додаларда жеңімпаз атанған білім алушыларға жүлделерін салтанатты түрде табыстады.
Мұнан әрі Ғылыми кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Иманғалиев Е.И. 2025-2026 оқу жылындағы бакалавриат, магистратура және докторантура (PhD) білім алушыларының қысқы емтихан сессиясының қорытындыларына талдау жасап, оқыту сапасын арттырудың тиімді тетіктерін ұсынды. Екінші мәселеде халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Карбозова Г.К. университеттің 2024-2028 жылдарға арналған Даму бағдарламасы аясындағы халықаралық серіктестік бағытындағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағы даму перспективалары аясындағы міндеттері туралы баяндады. Мұнда QS WUR TOP-500 рейтингіне енетін ЖОО-лармен халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын ұйымдастыру, шетелдік ғалымдармен ынтымақтастықта ғылыми жобалар әзірлеу, өзекті және сұранысқа ие қос дипломды /бірлескен БББ-ын жүзеге асыру және т.с.с. маңызды міндеттерге басым назар аударылды. Үшінші мәселе бойынша ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Жанибеков А.К. университеттің 2025 жылғы ғылыми - зерттеу жұмыстарының қорытындылары туралы баяндап, 2028 жылға дейінгі даму перспективаларымен таныстырды. Мұнда ғылыми жобалардың тиімділігін арттыру, коммерцияландыру үдерісін жетілдіру және жас ғалымдарға қолдау көрсету сияқты маңызды бағыттарға ерекше мән берілді. Төртінші мәселе аясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Елибаева Г.И. магистранттардың диссертациялық тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін, докторанттардың отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілерін бекіту жөніндегі ұсынысын талқыға салды.
Кеңес отырысында университеттің бірқатар ішкі нормативтік құжаттары, атап айтқанда Корпоративтік Әдеп кодексі, М.Әуезов атындағы ОҚУ» КеАҚ білім беру үдерісінде жасанды интеллектті пайдалану қағидаттары туралы Ережесі және «Апгрейд» курстарының Ережесі талқыланды.
Сонымен қатар студенттердің оқу ақысына жеңілдіктер беру, университет ОПҚ дайындаған монографияларды баспадан шығаруға ұсыну, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы оқу жоспарын бекіту, жаңа диссертациялық кеңестерді ашу, докторанттардың ғылыми кеңесшілерін қайта бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қаралды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз