«Қаржылық сауаттылық» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат өткізілді

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетіне қарасты «Техникалық мамандықтарға арналған практикалық орыс тілі» кафедрасының аға оқытушылары К.С. Байрханова және Дробязко Н.В. ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағаты өтті.
СМ 25-5к3, СМ 25-5к4, СМ 25-5р1 топ студенттеріне арналған іс-шараның мақсаты – жеке қаражатты тиімді басқару, табыс пен шығысты жоспарлау және қаржылық жауапкершілікті арттыру.
Кездесуге арнайы қонақ ретінде «Отбасы банкінің» қаржылық кеңесшісі Избасарова Алия Ералиқызы қатысты. Қаржылық кеңесші өз сөзінде қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарына кеңінен тоқталып, жеке бюджет құру, жинақ жасау, несие мен депозит өнімдерінің ерекшеліктері туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Студенттер белсенді қатысып, өз сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос