«Кішкентай үлес – үлкен қуаныш»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Сугир Фарида Баймашқызының «Кішкентай үлес – үлкен қуаныш» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Жақсылық – жүректен басталатын ізгі қадам. Осы игі бастаманы қолдап, "Сәулет, құрылыс және көлік" факультеті мен "Химия, инженерия және биотехнология" жоғары мектебі студенттерінің күшімен қайырымдылық жәрменке өткізілді. Соның арқасында Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйі бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында қуыршақ театры шақырылып, арнайы сыйлықтар берілді.
Бұл күн балалар үшін шағын мерекеге айналды. Қуыршақ кейіпкерлері ертегі әлеміне жетелесе, бүлдіршіндердің шат күлкісі мен қуанышты жүздері жүректерге жылу сыйлады. Әрбір сыйлық – қамқорлықтың нышаны, әрбір сәт – мейірімнің айқын көрінісі болды.
Студенттер тек материалдық қолдау көрсетіп қана қоймай, балалармен бірге уақыт өткізіп, ойын ойнап, шынайы ықылас пен жан жылуын бөлісті. Осындай бірлік пен жанашырлықтың арқасында кішкентай үлес шын мәнінде үлкен қуанышқа айналды

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос