Жаңалықтар
Auezov University-де студенттердің академиялық ұтқырлығы жөніндегі комиссия отырысы өтті
- Қаралды: 31
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде университеттің бюджеттен тыс қаражаты және білім алушылардың жеке қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын білім алушыларды іріктеу жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Іріктеу академиялық үлгерімі, шет тілін меңгеру деңгейі және серіктес университеттердің білім беру бағдарламаларына сәйкестігі ескеріле отырып, конкурстық негізде жүргізілді.
Академиялық ұтқырлық университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен жасалған қолданыстағы халықаралық келісімдері аясында жүзеге асырылады. Студенттердің шетелде білім алуы академиялық және ғылыми байланыстарды кеңейтуге, мамандар даярлау сапасын арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Білім алушылар Бельгия, Германия, Польша, Испания, Малайзия, Қытай және ТМД елдеріндегі серіктес университеттерде білім алады.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті серіктестік географиясын жүйелі түрде кеңейтіп, халықаралық білім беру тәжірибесін алуға ұмтылатын студенттерді қолдайды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз