Жаңалықтар
Әуезов ғалымы өзбекстандық оқытушыларға ЖИ технологиялары бойынша дәріс оқыды
- Қаралды: 35
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-да халықаралық ынтымақтастық аясында біліктілікті арттыруға бағытталған офлайн курс ұйымдастырылды. Шара барысында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Айгерім Сейтханова Өзбекстан Республикасынан келген әріптестеріне «Заманауи оқыту технологиялары» тақырыбындағы дәріс оқыды.
Курс барысында қатысушылар жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын меңгеріп, цифрлық оқыту форматын жетілдіру бойынша практикалық дағдыларын шыңдады. Сонымен қатар AI-аватарларды білім беру саласында қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар алған білімдерінің құндылығын жоғары бағалап, болашақта бірлескен ғылыми жобалар мен конференциялар арқылы серіктестікті жалғастыруға ниет білдірді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз