Жаңалықтар
Әлемдік тарихи-мәдени мұраны сақтау – ортақ міндет: ЮНЕСКО бағытындағы қысқы мектеп өз жұмысын бастады
- Қаралды: 106
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жалпы тарих және музей ісі» ұйымдастырған «Әуезов университеті – 2026» Халықаралық қысқы мектебі өз жұмысын бастады.
Мектептің ашылуы ЮНЕСКО аясындағы «Әлемдік тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және басқару» атты өзекті және маңызды тақырыпқа арналды. Бұл студенттер, зерттеушілер мен мамандар үшін терең пікірталастарға қатысуға, тәжірибе алмасуға және мәдени мұраны сақтау саласындағы білімдерін кеңейтуге бірегей мүмкіндік.
Қысқы мектептің ашылу салтанатында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Басқарма мүшесі – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнара Күмісбекқызы Қарбозова, «Тұлға дамыту және және Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) орталығының» басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнара Әмірбайқызы Жанысбекова, «Тарих және педагогика» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Құрманғали Мархабатұлы Уразбаев, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Көбейқызы Отарбаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға табысты және жемісті жұмыс тіледі.
Қысқы мектептің негізгі мақсаты – әлемдік тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, қорғау және тиімді басқару саласындағы озық тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және инновациялық шешімдерді іздеу.
Қысқы мектеп 2026 жылдың 02-15 ақпан аралығында онлайн форматта өтеді. Бұл формат әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші ғалымдар мен тәжірибелі сарапшыларды біріктіруге және білім алмасу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз