Жаңалықтар
М.Тәңірбергеновтың 60 жылдық мерейтойы аясында "Кенеп пен қиял" атты көрме өтті
- Қаралды: 46
Бүгін М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Жетіасар галереясында «Кенеп пен қиял» атты бітіруші түлектердің графика, кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша орындалған дипломдық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор, Қазақстан Педагогика Ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлының 60 жылдық мерейтойы аясында өтті.
Іс-шараға өнертану саласындағы елімізге танымал суретшілер мен ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Алғаш сөз алған университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев мерейтой иесін 60 жасымен құттықтап, оның ғылым мен өнер саласындағы сүбелі еңбегін, шәкірт тәрбиелеудегі зор үлесін атап өтті.
Келесі кезекте сөз алған құрметті қонақтар Астана халықаралық университетінің профессорлары – п.ғ.к. Қайртай Амирғазин мен п.ғ.к., өнертану доценті, ҚРСО және ҚРДО мүшесі Баймұрат Оспанов; Шәкәрім университетінің профессоры, п.ғ.к., ҚПҒА академигі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мадвакас Мырзаканов, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университетінің профессоры, ҚР және Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Сейфолла Бодиков, Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің п.ғ.к., доценті Нұралы Адамқұлов, сондай-ақ ҚР Суретшілер одағының мүшесі Бақыт Ахметов мерейтой иесіне жүрекжарды лебіздерін білдіріп, оның отандық өнер мен білім саласын дамытудағы еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, факультеттің оқытушылар құрамы мерейтой иесін құттықтап, ерекше тілектері мен ән-жырларынан шашу шашып, ерекше атмосфера сыйлады.
Іс-шара соңында қонақтар көрмеге қойылған бітіруші түлектердің шығармашылық жұмыстарымен танысты және «Думан» театрының «Менің атым Қожа» қойылымын тамашалады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз