Жаңалықтар
Білім беру модулінің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің инновациялық тәсілдері
- Қаралды: 190
2026 жылдың 19-21 қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқу-әдістемелік орталығының басшысы Хамитова Барна Махаматовна «Білім беру модулінің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің инновациялық тәсілдері» тақырыбында унивеситеттің 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас оқытушыларға оқу-әдістемелік семинар өткізді. Әдістемелік семинар барысында инновациялық тәсілдер аясында білім беру бағдарламаларына арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде туындайтын мәселелер, пән бойынша оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) әзірлеу кезеңдері, кешеннің құрылымы, материалдарға қойылатын талаптар және әзірлеуді реттейтін нормативтік-құқықтық база, академиялық пән бойынша теориялық білім базасын құру, оқытуды, оқуды және бақылауды әдістемелік қамтамасыз ету, соның ішінде студенттердің өзіндік жұмыстарын қолдау мәселелері қарастырылды.




