Жаңалықтар
«Білім беру саласындағы жасанды интеллект» жиыны өтті
- Қаралды: 84
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-да Филология факультетіне қарасты «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Басқосудың қонағы, спикері — М. Әуезов атындағы ОҚЗУ түлегі, Шымкент қаласындағы «ADAN» ЖШС мектебінің директоры Асылбек Кутжанович Башенов болды. Ол өз баяндамасында жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы, оны оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары, сондай-ақ заманауи технологиялардың мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараға кафедраның аға оқытушылары — Суюбердиева А.А., Емкулова З.А., Морозова В.Ю., Жолдасова М.А., Нурымбетова А.А., Шакиева А.М., Бердаулетова Ш.Ж., Калибекова Л.А., Ормаханова Г.С., Сматова А.Е., Имангалиева Д.Б., Жанысбаева А.П. қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білім беру саласында жасанды интеллектті заң аясында қолдану тәжірибелері жөнінде пікір алмасты.





