Жаңалықтар
Университет ұжымы арасындағы қысқы Спартакиада басталды
- Қаралды: 49
Бүгін М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-да Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған XXVIII дәстүрлі университетішілік қысқы Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
Жарыстың басты мақсаты – ұжым арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және университет бөлімшелері арасындағы ынтымақтастық пен командалық рухты нығайту болып табылады.
Ашылу салтанатында университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев қатысушыларды спартакиаданың басталуымен құттықтап, «Дені сау ұлт — ел болашағы» екенін ерекше атап өтті. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев бұл доданың ұжымдық бірлікті арттырудағы рөлін ерекше атап өтсе, ҚР «Спорт шебері» , ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауржан Доскараев спортшыларға жігер беріп, жеңіске деген талпыныстарына сәттілік тіледі.
Ауқымды спорттық дода Басқарма төрағасы – ректор Д.Ж. Ахмед-Закидің қолдауымен және университеттің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Жарыс 2026 жылдың 12–23 қаңтары аралығында, «Спорт және туризм» факультетінің базасындағы №14 «Буревестник», №10 және «Денсаулық» спорт кешендерінде өтеді.
Спартакиада аясында университеттің жоғары мектептері, факультеттері мен құрылымдық бөлімшелерінен құралған командалар 7 спорт түрі (волейбол , мини-футбол, тоғызқұмалақ, жүзу, шахмат, гір көтеру, үстел теннисі) бойынша бақ сынауда.
Спартакиаданың салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 23 қаңтарда сағат 13:00-де №14 «Буревестник» спорт кешенінде өтеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз