Жаңалықтар
«Абай және бүгінгі жастар»: Абайдың 180 жылдығына орай тағылымды кездесу өтті
- Қаралды: 39
Университетімізде қазақ руханиятының темірқазығына айналған ұлы ойшыл, дана тұлға — Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тағы бір тағылымды әрі мазмұнды кездесу өтті. Бұл жолы рухани кештің қонағы — М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің ресми өкілі, ректордың баспасөз хатшысы, абайтанушы, Мұхтартану ғылыми орталығының білікті қызметкері, филология факультетінің түлегі Әзімхан Исабек болды.
«Абай және бүгінгі жастар» тақырыбында өткен кездесуді ұйымдастырған және белсене қатысқандар Филология факультетіне қарасты «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасының аға оқытушылары: Суюбердиева А.А., Емкулова З.А., Морозова В.Ю., Нұрымбетова А.А., Ормаханова Г.С., Бердаулетова Ш.Ж., Шакиева А.М., Жанысбаева А.П., Жолдасова М.А., Сматова А.Е., Калибекова Л.А., Имангалиева Д.Б.
Әзімхан Исабек — қазақ әдебиетінде тұңғыш рет Абайдың 38 қара сөзін жеке ілім ретінде қарастырып, ғылыми айналымға енгізген жас абайтанушы. «Абайдың Китап тасдиқ» шығармасы мен «Абай. Китап тасдиқ» еңбектері арқылы Абай мұрасын терең зерделеп, жаңаша бағытта зерттеу жүргізіп келеді. Қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, 2025 жылдың үздіктері қатарында Әзімхан Исабекке «Ең үздік абайтанушы» номинациясы табысталды.
Кеш барысында Әзімхан Исабек «Китап тасдиқ» шығармасын негізге ала отырып, бабалар жолын, ел мен ғылым алдындағы жауапкершілікті, жастардың рухани дамуына деген көзқарасты кеңінен тарқатты. Сонымен қатар, Абай мұрасының бүгінге жетуіне өлшеусіз еңбек сіңірген Мүрсейіт Бікеұлы және оның ұрпақтары туралы тың деректермен бөлісті.
Кештің соңында кафедра оқытушылары Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, рухани әсер сыйласа, факультеттің белсенді студенттері қобызда Абай шығармаларынан үзінділерді орындап, шараның маңызын арттыра түсті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз