1

Әуезов университетінің студенттері мен түлектері – «Үздік жастар — 2025» жеңімпаздары!

Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген белсенді жастарды ұлықтайтын дәстүрлі «Үздік жастар – 2025» премиясы өз жеңімпаздарын анықтады.
Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен салтанатты шарада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жеңімпаздарды арнайы марапаттады.
Биылғы байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы 250-ге жуық үміткер қатысып, солардың ішінен тек 20 жас қана «Өз саласының үздігі» атағына ие болды. Қуантарлығы, Әуезов университетінің студенттері мен түлектері де – осы таңдаулылар қатарында!
  • Үздік студент — Сая Сихым
  • Үздік пікірсайысшы — Мехринисо Абдурашидова
  • Үздік жас ғалым — Асель Дархан
Сондай-ақ, Әуезов университетінен түлеп ұшқан түлектеріміз де биіктен көрінді:

  • Үздік хореограф — Айдана Керім
  • Үздік жұмысшы маман — Шындәулет Маханов
  • Үздік қызметкер — Шынар Дәуренбекқызы
  • Үздік спортшы — Сұлтан Заурбек
Мегаполистегі 400 мыңға жуық жастың ішінен оқ бойы озық шығу — үлкен қажыр-қайрат пен білімнің жемісі. Жеңімпаздарға қала әкімінің атынан арнайы дипломдар, статуэткалар және планшеттер табысталды.
Бұл марапат — жастардың елдің саяси-қоғамдық өміріне қосқан зор үлесі мен арманға деген адалдығының айқын дәлелі. Барша жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.