1

Әуезов студенті – ТМД-ның үздігі

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Заң факультетінің 3-курс студенті Мұхит Қарамұрзаев бір емес, бірнеше беделді байқаудың жеңімпазы атанды!
Ол ТМД елдерінің жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік студенті» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында дарынды жастардың креативті идеяларын қолдауға бағытталған республикалық «Үздік студент» байқауында да топ жарып, жеңімпаз атанды.
Бұдан бөлек, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауда «Еуразиялық экономикалық одақтың үздік студенті» атағына ие болды.
Барлық марапаттар М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен ғылыми кеңес отырысында университет ректоры Дархан Ахмед-Закидің қолынан салтанатты түрде табысталды.
Мұхит – университетіміздің, ел болашағының жарқын бейнесі.
Оқу мен қоғамдық қызметті қатар алып жүрген, білімге, ел дамуына адал жастардың жарқын үлгісі. Жеңістерің құтты болсын, Мұхит!
Сенің жетістігің – барша Әуезов университетінің абыройы!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.