Жаңалықтар
Жас кәсіпкерлер жарысы: «Менің алғашқы стартапым» байқауының жеңімпаздары анықталды
- Қаралды: 98
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-да студенттер мен магистранттар арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Менің алғашқы стартапым» атты бизнес-идеялар байқауы өз мәресіне жетті. Инновациялық идеялар мен тың шешімдер тоғысқан бұл байқау — жас кәсіпкерлердің қабілетін ұштап, олардың әлеуетін танытатын үлкен мүмкіндік алаңына айналды.
Аталған шара университеттің Ғылым және кәсіпкерлік департаментіне қарасты «Бизнес-инкубатор» бөлімінің ұйытқы болуымен өтті. Жарысқа жалпы саны 87 қатысушы өтінім беріп, оның ішінде 30 бірегей жоба іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Қатысушылардың стартап жобаларын инвестиция тарту және бизнес саласының білікті мамандарынан құралған сарапшылар тобы бағалады.
Байқаудың басты мақсаты — білім беру ортасында студенттік кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, инновациялық идеяларды дамыту және оларды нақты өнім ретінде нарыққа шығару. Осы арқылы университет қабырғасында болашақ кәсіпкерлерді тәрбиелеу жүйелі түрде жүзеге асып келеді.
Жалпы жүлде қоры — 2 200 000 теңге. Бұл қаражат үздік жобаларды қолдап, олардың алғашқы қадамдарын қаржылай қамтамасыз етуге бағытталды.
Байқау нәтижесі бойынша:
I орын – «Табиғи қуат – ұлттық дәм» жобасымен «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің студенттері Д. Сарыпбек пен М. Шабданбек жеңімпаз атанды. Құрт, жаңғақ және кептірілген жемістер қосылған сұлы батончик өндіруге арналған бұл идея 500 000 теңгелік грантқа ие болды.
II орын – 400 000 теңгелік сыйақымен екі жоба марапатталды:
- Б. Айдардың сүйек қалдықтарын тыңайтқышқа айналдыру технологиясы («Аграрлық» факультеті);
- Ж. Тәжібайдың «Green vibes cafe» шағын дәмханалар желісі жобасы («Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі).
III орын – әрқайсысы 300 000 теңге көлемінде грант иеленді:
- Ә. Ахметов – инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған 1–1,5 см қалыңдықтағы эпоксидті-құмды экологиялық жабын технологиясы жобасы («Сәулет,құрылыс және көлік» факультеті);
- Ж. Бекетова – «Ақылды гардероб» жүйесі («Механика және мұнайгаз ісі» факультеті)
- И. Райм, М. Сабасханова, Г. Өтеш – «Juqpa&Et» ұлттық тағам бренді («Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебі)
Сонымен қатар, «СПК Melon juice Co» директоры Мейіржан Әлімханұлының демеушілігімен А. Актай әзірлеген «Tartu» домбыра үйренуге арналған мобильді қосымшасы арнайы номинация мен сыйақыға ие болды.
Байқау соңында сарапшылар студенттік жобалардың теориямен қатар практикаға да бейімделгенін ерекше атап өтті. Университеттің кәсіпкерлік экожүйесін дамытудағы бұл бастаманың маңыздылығы жоғары бағаланып, болашақта мұндай алаңдар жиі ұйымдастырылуы қажет деген ұсыныстар айтылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз