Жаңалықтар
«Адал білім – адал ұрпақ» републикалық форумы өтті
- Қаралды: 18
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумы өтті. Форум 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып, білім беру саласында академиялық адалдық пен парасаттылық мәдениетін ілгерілетуге бағытталды.
Ауқымды іс-шараға Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы өңірлік департаменттер, жергілікті атқарушы органдар мен білім мекемелерінің өкілдері қатысты. Форумда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков баяндама жасап, сапалы білім мен ғылыми зерттеулердің негізі екенін атап өтті.
Шара барысында Академиялық адалдық лигасы мен мүдделі ұйымдар арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум мен Жол картасына қол қойылды.
Форум жұмысы екі панельдік сессияға бөлініп жалғасты:
— Жоғары оқу орындарына арналған сессия;
— Орта және техникалық білім беру ұйымдарына арналған сессия.
Сессияларда академиялық адалдықты қамтамасыз ету тетіктері, тиімді басқарушылық шешімдер мен білім беру ұйымдарында адалдық мәдениетін дамыту жолдары жан-жақты талқыланды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз