Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы ОҚУ Қытайдың жетекші университеттерімен ынтымақтастықты нығайтады
- Қаралды: 39
2025 жылдың 2–5 желтоқсан аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы- ректоры Д.Ахмед-Заки бастаған делегация Бейжің және Шанхай қалаларында жұмыс сапарымен болды. Сапардың мақсаты - Қытайдың жасанды интеллект, білім беруді цифрландыру, ғылыми зерттеулер мен университет инфрақұрылымын басқару бағыттарындағы озық тәжірибесін жан-жақты зерделеу.
Бағдарлама аясында делегация Peking University, Tsinghua University, Lenovo бас кеңсесі, Beijing Future Center, Unitree Robotics, East China Normal University, Zhangjiang Robot Valley және FUDAN University сияқты жетекші орталықтарда кездесулер өткізіп, таныстырылымдарға қатысты. Қытайлық әріптестер қазіргі білім жүйесін өзгертетін шешімдерді көрсетті: адаптивті оқу платформалары, интеллектуалды бағалау жүйелері, кампустың цифрлық егіздері, жоғары өнімді есептеу кластерлері, VR-симуляторлар және университеттерге арналған индустриялық AI-технологиялар.
Ерекше назар жасанды интеллектіні робототехника мен қолданбалы зерттеулерге енгізу бағыттарына аударылды. Unitree Robotics пен Zhangjiang Robot Valley алаңдарында мобильді және өндірістік роботтар, автономды навигация жүйелері, медициналық және сервистік робототехникаға арналған жаңа шешімдер ұсынылды.
FUDAN University зертханаларында химия, материалтану және биомедициналық технологиялар саласындағы жоғары деңгейлі ғылыми инфрақұрылым таныстырылып, машиналық оқытуды химиялық процестерді талдауға және эксперименттік деректерді өңдеуге пайдалану мысалдары көрсетілді.
Сапар қорытындысы бойынша университет білім беру бағдарламаларын жаңғырту, ғылыми бағыттарды кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу бойынша маңызды бағдарларға ие болды. Жеткен келісімдер халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге, жаңа академиялық бастамаларды іске қосуға және студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашуға жол береді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті технологиялық реформалардың алдыңғы қатарындағы елдермен ынтымақтастықты жалғастырып, Орталық Азиядағы ең серпінді дамып келе жатқан университеттердің бірі ретінде өз позициясын нығайта береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз