Әуезов университетінде ең талантты жастар анықталды

Әуезов университеті төрінде тағы да таланттар бас қосты. Білім ордасында «Жас талант-2025» өнер байқауы өтті. Шығармашылық кәсіптер орталығының ұйымдастыруымен өткен мәдени іс-шара сахнаға шығып, өз қабілетін дәлелдегісі келген студент жастардың басын біріктірді.
Факультеттер мен жоғары мектептер, колледж студенттері бақ сынаған бұл өнер додасы нағыз шеберлік алаңына айналды. Сахна төрінде әуелеген әсем ән, ырғақты би, құлақтан кіріп бойды алар күй мен көрерменді тәнті еткен сахналық қойылымдар қойылды.
Байқауға кәсіби мамандар мен мәдениет қайраткерлері қазылық етіп, өнерпаздардың таланттарын әділ бағалады. Әділқазылар әр қатысушының орындаушылық деңгейіне, таңдаған туындысының мазмұнына, сахнадағы өзін-өзі ұстауына және киім үлгісіне дейін мұқият назар аударды. Жүзден жүйрік атанғандар:
-«Кеш жүргізушілері» жанры бойынша бас жүлде - Таңсұлу Сауранова;
- «Дәстүрлі орындаушылық өнер» жанры бойынша бас жүлде – «Мәдениет және өнер» факультетінің студенте Бейбіт Қайып;
- «ВИА вокалдық инструменттер ансамблі» жанры бойынша бас жүлде - Анна Хан, Арайлым Өмірбай, Ерсұлтан Құдайберген;
- «Эстрада әнін орындаушылар» жанры бойынша бас жүлде - Аружан Асылбай;
- «Би өнері» жанры бойынша бас жүлде – «Мәдениет және өнер» факультеті «Қасірет» биі;
«Көңілді тапқырлар клубы» жанры бойынша бас жүлде – «Жас қыран» командасы.
Барлық жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлері марапатталды.
Көптің көңілінен шыққан ең үздік нөмірлер алдағы гала-концертте қайта сахналанып, көрерменге тағы да көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.