Жаңалықтар
UI GreenMetric World University Rankings 2025 нәтижелері жарияланды
- Қаралды: 34
М.Әуезов атындағы ОҚУ-ды құттықтаймыз!2025 жылдың 5 желтоқсанында UI GreenMetric World University Rankings рейтинг агенттігі GreenMetric-2025 халықаралық университеттер рейтингіcінің нәтижелерін жариялады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әлемнің 1745 университеттерінің арасында 258-орынға ие болды. Қазақстан Республикасында М.Әуезов атындағы ОҚУ 30 ЖОО арасында 2 орында.Рейтингті құрастыру кезінде 6 категория ескеріледі: университеттің ыңғайлы инфрақұрылымы, университет кампусында энергияны үнемдейтін және суды үнемдейтін технологияларды пайдалану, университет шығаратын қалдықтарды қайта өңдеу және суды үнемдеу бағдарламалары, университет кампусындағы ыңғайлы көлік бағыттары, көмірқышқыл газы мен зиянды бөлшектердің шығарындыларын азайту, сондай-ақ университеттің білім беру бағдарламаларында экологиялық білім беру.
Сілтеме: https://greenmetric.ui.ac.id/rankings/overall-rankings-2025

