Auezov University халықаралық әріптестікті кеңейтуде

Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумы аясында Auezov University халықаралық байланыстарын нығайту бағытында жаңа келісімдерге қол жеткізді.

Университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген форум аясындағы салтанатты рәсімге қатысып, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті (РХТУ) және Қытай Халық Республикасының Beijing Pihua International Education Technology Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер жоғары білім мен ғылым саласындағы байланысты дамытуға, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға және академиялық тәжірибе алмасуға бағытталған.

Байланыс университет үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, ортақ жобаларды қолға алып, білім мен ғылымдағы озық тәжірибелерді өзара бөлісуге мүмкіндік береді.

Аталған келісімдер Auezov University-дің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтіп, шетелдік серіктестермен байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жұмыстың маңызды бөлігі.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.