Auezov QUIZ интеллектуалдық ойыны өтті

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Шымкент қаласының бітіруші сынып оқушылары арасында Auezov Quiz интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты - түлектерді университеттің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру, сондай-ақ оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру.
Зияткерлік сайысқа қаланың 20 мектебінен 175 үздік оқушы қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.
Іс-шара барысында университет Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген қатысушыларға сәттілік тілеп, білімнің маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде ол кітап оқудың, ізденудің және уақытты тиімді пайдаланудың адам өміріндегі рөліне ерекше мән берді. «Көп оқыған бала телефонды шетке ысырады», -деген ректор жастарды білімге құштар болуға, үнемі ізденіп, өз қабілеттерін дамытуға шақырды. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тілеп, әрқайсысының болашақта ел дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуына тілектестік білдірді.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар белгіленді:
І орын - Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының «Фараби» командасы (500 000 теңге);
ІІ орын - Н. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының «Сана» командасы (300 000 теңге);
ІІІ орын - Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінің «Алау» командасы (100 000 теңге); ІІІ орын - А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының «Oxygen» командасы (100 000 теңге).
 
Айтып өтейік, байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. Үздіктерді марапаттау ертең «Қызғалдақ» сарайында өтеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.