Auezov University түлектері «KAZZINC»-те еңбек жолын 500 мың теңге жалақымен бастай алады

 Студент үшін сапалы біліммен қатар, оны тәжірибеде шыңдап, болашақ мамандығына жол ашатын мүмкіндік те маңызды. Осы бағытта Auezov University-де «KAZZINC» ЖШС өкілдерімен «Сіздің кәсіби жолыңыз: қауіпсіздік, мансап және табыс» тақырыбында кездесу өтті. Жиында жастардың өндірістік тәжірибеден өтуі, жұмысқа орналасуы және кәсіби дамуы сөз болды. Жиынға университет басшылығы, оқытушылар құрамы, студенттер мен компания өкілдері қатысып, білім мен өндіріс байланысын дамыту, білікті мамандар даярлау және жастардың кәсіби қалыптасуына жағдай жасау мәселелерін талқылады.

 
Кездесуде «KAZZINC» ЖШС Еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі бас менеджері Тилиляев Дмитрий Сергеевич, Корпоративтік университет басшысы Грохотова Виктория Владимировна, Оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Смағұлова Бақыт Сағынаевна және Оқу орындарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Елфимова Ирина Викторовна сөз сөйлеп, компанияның қызметі, мамандарға қойылатын талаптар, еңбек қауіпсіздігі және жастарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.
 
Кездесудің басты нәтижесі – студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі мен түлектердің жұмысқа орналасуына бағытталған нақты уағдаластықтар.
 
Енді университет білім алушылары «KAZZINC» ЖШС кәсіпорындарында қаржылай төлем қарастырылған өндірістік тәжірибеден өте алады. Ал компанияға жұмысқа орналасқан жас мамандардың бастапқы жалақысы 500 мың теңгеден басталады.
 
Университет Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген өндіріс орындарымен әріптестікті дамыту, білім мен ғылым жетістіктерін экономикамен ұштастыру және түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жағдай жасау университеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
 
Өз кезегінде Тилиляев Дмитрий компанияның университетпен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізіп, білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
 
Аталған серіктестік студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ еңбек нарығында өз орнын табуына мүмкіндік береді. Бұл – жастардың бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына бағытталған маңызды қадам.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.