Қалалық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігіне жаңа басшы тағайындалды

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып Төлеген Мұхтар Әділбекұлы тағайындалды.
 
Тиісті бұйрықты «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық Бірлестігінің Президенті Рауан Кенжеханұлы шығарды. Бұл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл жанашырларының басын біріктіру жолындағы маңызды міндет.
 
Мұхтар Әділбекұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік, бастамаларына береке, ел игілігі жолындағы еңбегіне жеміс тілейміз!
Қазақ тілінің дамуы мен өркендеуіне бағытталған игі істеріңізге толағай табыс тілейміз!
 
Қазақ тілі – ұлттың рухы, елдіктің тірегі!
Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.