Таза Қазақстан – жарқын болашақтың кепілі

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
 
Ізгі бастамаға университет ұжымы мен студент жастар белсене қатысып, оқу орнының аумағын тазалау, абаттандыру және айналаны көркейту жұмыстарына атсалысты. Сенбілік барысында аумақ қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен эстетикалық келбетін жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
 
Бұл шараның басты мақсаты – Президент бастамасын қолдау және жүзеге асырумен қатар, университет аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
 
Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Туған жердің көркеюі әрқайсымыздың кішкентай қадамымыздан басталады. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек алдындағы ортақ міндетіміз.
 
Бірлік пен белсенділіктің арқасында жасалған әрбір игі іс – таза әрі жарқын болашаққа бастар қадам екені сөзсіз.
 
Тазалық пен тәртіптің, береке мен бірліктің аясына ұйысып Таза Қазақстанды, Таза Қаланы, Таза Университетті бірге қалыптастырайық!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.