Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоба

Оқу жылына арналған тәрбие жоспары аясында «Аграрлық» факультетінің ұйымдастыруымен «AGRO-tour» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына танымдық сапарға аттанды.
Сапар бағдарламасы аясында «Аграрлық» факультетінің деканы Гүлнара Тастанбекова бастаған делегация мен факультет білім алушылары Ташкент мемлекеттік аграрлық университетіне арнайы барды.
Кездесудің негізгі мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы білім беру бағдарламаларын дамыту, өзара ынтымақтастық байланыстарды нығайту, академиялық және ғылыми коллаборация орнату, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру.
Әсіресе, топырақтану, агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, су ресурстары, жеміс-көкөніс шаруашылығы бағыттарындағы байланысты дамытуға басымдық берілмек.
Кездесу барысында тағы бір маңызды жаңалық – екі университет алдағы көктемгі семестрден бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттердің өзара білім алуына уағдаласты. Бұл бастама білім алушыларға халықаралық тәжірибе жинақтауға, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аталған жобаны жоғары деңгейде ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Әділбекұлына университет ғалымдары мен факультет ұжымы ерекше ризашылығын білдіреді.
«AGRO-tour» жобасының басты мақсаты – тәжірибе алмасу, білім беру саласындағы озық тәжірибелермен танысу, кәсіби байланыстарды нығайту, студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру және факультеттің оң имиджін қалыптастыру.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.