Жаңалықтар
Кәсіби мереке құтты болсын!
- Қаралды: 22
Құрметті цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының мамандары, ардақты ұстаздар мен студенттер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінде IT саласы мен заманауи технологиялар – ел дамуының басты қозғаушы күші. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген білікті мамандарымыз бен жаңашыл білімді ту еткен ізденімпаз студенттеріміздің рөлі зор.
Баршаңызға қажымас қайрат, кәсіби жетістіктер мен жаңа инновациялық жобаларда толайым табыстар тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз

