Жаңалықтар
«Ордабасы» футбол клубының тарихи жеңісі салтанатты түрде аталып өтті
- Қаралды: 22
Шымкенттегі Астана алаңында 2026 жылғы маусымда сәтті өнер көрсеткен «Ордабасы» футбол клубына арналған ауқымды мерекелік кеш өтті. Команда өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанумен қатар ел Кубогын жеңіп алып, бір маусымда ұлттық деңгейдегі екі басты жүлдені қатар иеленді.
Футбол клубы «Ордабасы» мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған мерекелік іс-шараға сүйікті командасының тарихи жеңісін бірге атап өтуге келген жанкүйерлер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, футболшыларды, жаттықтырушылар штабын және жанкүйерлерді тарихи жетістіктерімен құттықтады, командаға жаңа жеңістер мен халықаралық аренада табыс тіледі.
Кештің басты оқиғасы футболшылар мен жаттықтырушылар штабын марапаттау рәсімі болды. Командаға Қазақстан чемпионатының алтын медальдары табысталып, чемпиондық кубок салтанатты түрде тапсырылды. Мерекелік көңіл-күйді танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламасы одан әрі қыздыра түсті.
Биылғы маусым шымкенттік клубтың тарихындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды. 25 қазанда «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Чемпионат қорытындысы бойынша команда 68 ұпай жинап, 30 матчта 21 жеңіске жетті.
Бұл – клуб тарихындағы екінші чемпиондық атақ. Команда алғаш рет 2023 жылы ел чемпионы атанған болатын.
Тағы бір маңызды жетістік – Қазақстан Кубогының финалындағы жеңіс. 7 қарашада «Түркістан Арена» стадионында «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осылайша клуб ұлттық Кубокқа үшінші рер иеленіп отыр. Бұған дейін команда 2011 және 2022 жылдары Кубок иегері атанған. Ал чемпиондық атақ пен ел Кубогын бір маусымда қатар иелену клуб тарихында алғаш рет орын алып, тарихи «алтын дубль» тіркелді.
Сонымен қатар, клуб 2012 жылы Қазақстан Суперкубогын да жеңіп алған болатын.
Шымкенттік футбол клубының тарихы бірнеше онжылдықты қамтып, бастауы 1976 жылы «Мелиоратор» командасының құрылуынан басталады. Қазіргі «Ордабасы» клубы 2003 жылы құрылып, елімізге танымал футбол командалардың біріне айналды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз