Бас ғимарат аумағы жайлы әрі заманауи кеңістікке айналады

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің бас ғимараты аумағында жаңғырту және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Жаңғырту аясында бас ғимараттың артқы бөлігін көгалдандыру, аумақты абаттандыру, демалыс орындарын ұйымдастыру және кеңістіктің эстетикалық келбетін жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Осының нәтижесінде аталған аумақ студенттер мен оқытушылардың бас қосып, еркін пікір алмасуына, тынығуына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін жайлы қоғамдық кеңістікке айналады.
Университет инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай дамыту, кампус аумағының көркін арттыру және университет қауымдастығына қолайлы жағдай жасау – атқарылып жатқан жұмыстардың басым бағыттарының бірі.
Құрылыс аяқталғаннан кейін бас ғимараттың жаңартылған аумағы университеттің көрікті орындарының біріне айналып, студенттік өмірдің маңызды қоғамдық кеңістігі болмақ. Абаттандырылған аумақ жуық арада университет қауымдастығының игілігіне беріледі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.