Жаңалықтар
Мұхтар Әуезов университетінің студенті әлем чемпионатында рекорд орнатты
- Қаралды: 12
Әуезов университетінің студенті Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ол 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі (182+217) көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Нәтижесінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
ЮМ-25-1ку тобының студенті жұлқа көтеруде 182 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Сонымен қатар қос жаттығудың әрқайсысында күміс медаль иеленіп, қоржынына екі кіші күміс жүлде салды.
Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.
Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы биыл қыркүйек айында Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өткен жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын. Сол жарыста қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келі (177+217) көтерген еді.
Әуезов университетінің ұжымы студентімізді айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейді!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз