Жаңалықтар
Сабираш Бимұрзақызы мерейлі 70 жаста!
- Қаралды: 12
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің доценті, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Сабираш Бимұрзақызының 70 жас мерейтойына арналған құрмет көрсету рәсімі өтті.
Салтанатты жиында Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Рыскүл Құдретуллаева Басқарма Төрағасы – ректор Мұхтар Төлегеннің мерейтой иесіне жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
Құттықтау хатта Сабираш Бимұрзақызының еліміздің мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі, ғылым мен білім саласындағы жетістіктері және талай шәкірт тәрбиелеген ұстаздық жолы ерекше атап өтілді.
Мерейтой иесіне құрмет білдіруге ҚР Халық әртісі Бахтияр Қожа арнайы келіп, ақжарма тілегін жеткізді. Сондай-ақ бірқатар қоғам қайраткерлері мен өнер өкілдері мерейтой иесін құттықтап, оның ұлттық өнердің өркендеуіне қосқан үлесі мен өнегелі өмір жолы туралы жылы лебіздерін білдірді.
Бұл – саналы ғұмырын өнер мен білімге арнап, ұлт руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаға көрсетілген зор құрметтің белгісі.
Құрметті Сабираш Бимұрзақызы! 70 жас мерейтойыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шығармашылық шалқар шабыт пен шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін көре беруді тілейміз!
Ұлттық өнер жолындағы өнегелі еңбегіңіз әрдайым ұлықтала берсін!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз