Жаңалықтар
Университет оқытушысы халықаралық семинарда француз тілін оқытудың заманауи әдістері бойынша шеберлік сабағын өткізді
- Қаралды: 7
26–31 қазан аралығында Астана қаласында ҚР Франция Елшілігі, Француз альянстары және Қазақстанның француз тілі мұғалімдері қауымдастығының бірлескен ұйымдастыруымен «Француз тілін оқытудың заманауи тәсілдері: педагогика, дидактика, бағалау, цифрлық технологиялар және франкофондық жобалар» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Аталған халықаралық білім беру іс-шарасы мектептер мен жоғары оқу орындарында француз тілінен сабақ беретін оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи педагогикалық тәжірибелермен алмасуға және француз тілін оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруге бағытталды.
Семинар бағдарламасын француз тілін оқыту әдістемесі, педагогика және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау салаларында танылған француз мамандары жүргізді. Қатысушылар оқытудың тиімді стратегиялары, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, интерактивті әдістерді қолдану және франкофондық жобаларды жүзеге асыру бағыттары бойынша білімдері мен тәжірибелерін жетілдірді.
Кәсіби іс-шараға университетіміздің «Филология» факультеті З»аманауи тілдер және аударматану» кафедрасының аға оқытушысы Ильясова Калдыкуль Балтабаевна қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ француз тілін оқытудағы тиімді педагогикалық тәсілдерді таныстырды.
Бұл семинар кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық тәжірибені отандық білім беру үдерісіне енгізуге және француз тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз