Жоғары оқу орындарында академиялық адалдықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен жоғары оқу орындарында академиялық адалдықты қамтамасыз етуге арналған кездесу өтті. Іс-шара Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ұйымдастырылды.
Жиынға департамент басшысы Қ.Қадырбеков, Академиялық адалдық лигасы жобалық кеңсесінің басшысы Н.Нұрлан, Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының басшылары мен комплаенс-офицерлері қатысты.
Кездесу барысында оқу орындарының Академиялық адалдық лигасына ену мәселелері мен оның өлшемшарттары, Лига стандарттарына сәйкес білім беру процесінде жасанды интеллектіні пайдалану ерекшеліктері және академиялық тәуекелдер талқыланды.
Жиынға қатысушыларға оқу орындарының академиялық мәдениетін арттыруға мен әкімшілік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар берілді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.