← Тізімге оралу
Тұрақты даму мақсаттары тәлімгер сағатында талқыланды
Қолжетімді және таза энергия
«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
Экология кафедрасы
Автор |
03.03.2026
“Экология” кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкова М.Н., хт-23-4а тобына тұрақты даму мәселелеріне арналған тәлімгерлік сағат өткізді.
Іс-шара барысында кедейлікпен күрес, азық-түлік қауіпсіздігі, қаржылық сауаттылық, экология, суды үнемдеу, гендерлік даму, қалдықтарды азайту және жасыл экономика тақырыптары кеңінен талқыланды. Білім алушылар тұрақты дамудың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салып, қоршаған ортаны қорғау мен ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын қарастырды.
Тәлімгерлік сағаттың мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және тұрақты даму қағидаларын күнделікті өмірде қолдануға бағыт беру.