М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде халықаралық сарапшы Tarman Bulent «Intercultural Communication and Asian Community» тақырыбында «Integration Processes of Central Asian Countries» атты жалғасып жатқан курс аясында онлайн дәріс өткізді
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» атты курс Eurasia Foundation (from Asia) грантының қолдауымен және халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырылуда.
2026 жылғы 2 маусымда Саясаттану кафедрасының студенттеріне халықаралық сарапшы Tarman Bulent «Intercultural Communication and Asian Community» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Дәріс барысында мәдениетаралық коммуникация мәселелері, Азия қауымдастықтарындағы әртүрлі мәдениет өкілдерінің өзара әрекеттесу ерекшеліктері, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы мәдени диалогтың рөлі талқыланды.
Іс-шара жаһандану жағдайында саясаттану мамандығы студенттерінің мәдениетаралық құзыреттілігін, коммуникациялық дағдыларын және аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз













