М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде профессор Shin Hagyun «The Ideal Role of Influencers in Kazakhstan» тақырыбында онлайн дәріс өткізді

2026 жылғы 17 наурызда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» атты халықаралық оқу курсы аясында, Eurasia Foundation (from Asia) гранттық қолдауы шеңберінде профессор Shin Hagyun «The Ideal Role of Influencers in Kazakhstan» тақырыбында онлайн дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қазіргі цифрлық кеңістіктегі инфлюенсерлердің рөлі, олардың қоғамға ықпалы және әлеуметтік медиа арқылы ақпарат тарату ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстандағы инфлюенсерлік қызметтің дамуы мен оның қоғамдық санаға әсері жан-жақты қарастырылды.
Онлайн дәріске «Саясаттану» кафедрасының студенттері қатысып, цифрлық коммуникациялар, әлеуметтік желілердегі ықпал ету тетіктері және заманауи медиа үрдістері бойынша пікір алмасып, өзекті сұрақтарды талқылады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос