Әуезов университетінде ұлттық құндылықтар мен отбасы институты мәселелері талқыланған кездесу өтті
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Республикалық отбасы институты онлайн мектебінің экспедициялық көшпелі шығармашылық түсірілім тобы табан тіреді. Делегацияны Республикалық Ұлттық құндылықтар академиясының төрағасы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Әділхан Дүйсебек бастап келді.
Алқалы жиында ұлттық құндылықтарды ұлықтау, отбасы институтының мәртебесін көтеру және өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің өзекті мәселелері талқыланды. Басқосуда сөз алған Әділхан Дүйсебек академия бастамасымен бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік стандарттарына «Адам», «Ар-ождан», «Намыс», «Отбасы», «Отан», «Тіл», «Мәдениет», «Білім», «Еңбек» және «Табиғат» секілді ұлттық құндылықтарға негізделген мазмұндық концептілер енгізілгенін атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстан Ғылымдар академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Асма Қалыбекова бұл идеяның маңыздылығына тоқталып, ұлттық кодты білім беру жүйесіне кіріктіру бағытында еңбек етіп жүрген шығармашылық топқа ризашылығын білдірді.
Университеттің «Аналар кеңесі» төрағасы Гүлнар Жанысбекованың ұйымдастыруымен өткен кездесуге сондай-ақ кеңес мүшелері Г. Парменкулова, А. Сабалахова, Л. Айкөзова, К. Уразбаева, Н. Жақыпбекова, И. Саурбаева және К. Маймақова қатысты.
Тағылымды шара аясында қонақтар университеттің «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен де егжей-тегжейлі танысты. Орталық директоры, ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабек ұлы ойшылдар Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбайұлының, сондай-ақ өзінің ғылыми зерттеулеріндегі отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбие мәселелерін ортаға салып, меймандарға авторлық кітаптарын тарту етті.
Бұл басқосу тәжірибе алмасу мен ұлттық мұраны насихаттау тұрғысынан пайдалы әрі маңызды қадам болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз