ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ TEX4FUTURE ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ


        М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында 2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында ERASMUS+ TEX4FUTURE (101128738 – GAP-101128738) – «Өзбекстан мен Қазақстандағы болашаққа арналған тоқыма өндірісі» халықаралық жобасы аясында IX-шы кездесу Консультативтік кеңесі ұйымдастырылды.
      Аталған іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, сондай-ақ тоқыма және жеңіл өнеркәсіп саласындағы серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында жобаның іске асырылу барысы талқыланып, білім беру бағдарламаларын жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу, өндіріс пен ғылым арасындағы байланысты нығайту мәселелері қарастырылды.
      Сонымен қатар, университетте ERASMUS+ бағдарламасының қолдауымен «Textile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan» (TEX4FUTURE) жобасы аясында тоқыма материалдарын сынау орталығы ашылды. Бұл орталық – тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін заманауи ғылыми-практикалық база ретінде қызмет ететін бірегей жоба болып табылады. Орталық жаңа материалдарды сынақтан өткізу, сапасын бағалау және инновациялық шешімдерді енгізу арқылы саланың дамуына серпін береді.
      Қатысушылар тоқыма саласында білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдерін, цифрландыру мен тұрақты өндіріс қағидаларын енгізу бағыттарын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша жобаның келесі кезеңдеріне арналған ұсыныстар әзірленіп, серіктестер арасындағы өзара тәжірибе алмасу одан әрі жалғасын табатыны атап өтілді.

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.